Ұлы Жеңіске 80 жыл! Майданнан аман оралған әке

08.05.2025 12:42
Ұлы Жеңіске 80 жыл! Майданнан аман оралған әке

Майданнан аман оралған әке – біздің отбасының қаһарманы

 Жеңіс күні – мен үшін ғана емес, бүкіл отбасымыз үшін ерекше күн. Бұл күнді әкем – Смадиев Таян екінші туған күні деп санаушы еді. Ол 1919 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, 1939 жылы әскерге алынды. Ұлы Отан соғысына қатысып, Солтүстік-Батыс, 1-ші Прибалтика, 3-Белорусь майдандарында шайқасты. Польша мен Германия жеріне дейін жетіп, бірнеше ауыр ұрыстарға қатысты. Ерлігі үшін «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «За отвагу» медальдарымен марапатталды.

 Әкем соғыс туралы көп айта бермейтін. Соғыстан кейін елге аман оралып, совхозда еңбек етті. Адал еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Анам да тылда жұмыс істеп, майданға азық-түлік дайындаған.

 Бүгінде біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз – бұл батырларымыздың арқасы. Әр 9 мамыр күні біз әкемізді еске алып, бейітінің басына барып тағзым етеміз. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!

Смадиев Таян

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 31 арна флешмоб жариялайды

Тағы да оқу