Жұлдыздар жарқырайды

Жұлдыздар жарқырайды

15.01.16, 20:08

5980 0

Қазіргі уақыттағы ең табысты әнші Қайрат Нұртас шет елдік жұлдыздарға қанша қаржы жұмсады?


Еділ Серікұлы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  қызметкері:

- Ресейлік  жұлдыздарға төленген табысы 89 млн. теңгені құраған. 


Ал, бір бейнебаянын 30 мың АҚШ долларына түсіретін Серік Ибрагимов кірісінің басым бөлігін қайдан табады?

Серік Ибрагимов, әнші:

- Қазағымызда той бітпесін, тойдан жақсылықтан.


Керісінше, әнші Айқын Төлепбергенов тапқан қаржысын еш айтқысы келмейді. Кімнен, нені жасырады ?


Өткен жылдың ең қалталы әншілерінің тізімін «Форбс» журналы мен «Муззон» телеарнасы бірігіп жариялады. Дегенмен, жылдың соңында болған дағдарыстың салқыны отандық жұлдыздардың табысына да әсер етпей қоймағаны анық.  Кірістері бірден 50 пайызға қысқарған көрінеді.


Еңбекқор әрі елдің сүйікті әншісі Қайрат Нұртас бірнеше жыл бойы ең табысты әншілердің қатарынан түспей келеді. Оның қой жылында тапқаны 2,5 млн. долларды құраған. Былтыр да тура сондай ақша тапқан еді.

Әншіге табысының жартысы гастрольдік сапарлар мен Халық әртісі Мақпал Жүнісовамен өткізген кешінен түскен. Оған қоса киім-кешек сататын дүкені де пайда әкелген.


Жақында Қайрат Астана мен Алматыда  бұрын- соңды болмаған шоу-концерт ұйымдастырды. Әнші он жылдық концертіне Ресей сахнасының жұлдыздары Нюша, Тиматиді шақырып, көрерменге ерекше сый жасаған болатын. Оны көшлік те жылы қабылдады.  Дегенмен, әншіге мұндай сый жасау оңайға соқпаған.  


Еділ Серікұлы, Алматы қаласы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің қызметкері:

- Нюша, Тимати, Лазеров, Рефлекс келді. Ұйымдастырушылар осы тұлғалармен келісім шартқа отырған. Шетелдік, ресейлік жұлдыздарға төленген табыс, 89 млн. теңгені құраған. Бұл жерде 15 пайыз көлемінде салық ұсталынып қалған. Осы төленген табыстардан.


Салық департаменті мамандарының пікірінше, бүгінгі таңда Алматы қаласында 160-тан астам өнер иесі бар. Олардың тек 41-і салықтан жалтармайды екен. Қалталылар тізіміндегі жұлдыздардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлікті куәландыратын құжаттары бар болып шықты.


Еділ Серікұлы, Алматы қаласы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің  қызметкері:

- 41 салық төлеушінің  2014  жылдағы  жалпы табысы 237 млн теңгені құраған.  Ал, 2015 жылдың  жарты жылдығында  99 млн теңгені құрады. 


«Кешью» мен «Лашын» тобына продюсерлік ететін Баян Есентаева қалталы өнер иелерінің екінші сатысына жайғасқан. Оның жылдық кірісі 1 млн. доллар.


Продюсер  тек бір ғана «Кешью» тобынан жылына 500 мың доллар  табыс табады екен. Өткен жылы телехикая түсіріп қаржысын еселеді. Бүркіт пен Аиша да дәл осындай қаржыны қалталарына басты. Екі бірдей бейнебаян түсіріп, «Хайат» атты топтың  продюсері атанды.


Қой жылы әнші Асхат Тарғыновтың жолы болды. Бір ғана әні "Мария Магдаленасы" әншіге 960 мың долларды қалтасына басуға септігін тигізді. Әнін көбінесе телефон пайдаланушылар қолданған. Кірісінің жартысын осы қызметтен тапса, қалған бөлігін той-томалақтан түсірген.


Айқын Төлепбергенов көп жұмыс жасаған. Елімізде ғана емес, Қытайдың өзінде он екі концерт беріп қайтқан. Рейтинг бойынша әншінің жылдық кірісі - 600 мың АҚШ долларын құрайды.


Қалтаңызда қанша ақшаңыз бар деген сауалымыздан Айқын оңай құтылып кетті.


Айқын Төлепбергенов, әнші:

- Мен бай адам емеспін. Негізі мен бай адаммын. Негізі байлық деген ақшада емес. Байлық деген  әке шешең қасында,  бала шағаң қасында,  достарың аман есен, еліміз құдай сақтасын, өзге елдерде неше түрлі кикілжіңдер  болып жатыр,  соның өзін де жақсы.


Жылына қомақты қаржы тауып жүрген әнші мемлекетке тиісті салығын уақытында төлеп тұрады екен.


Айқын Төлепбергенов, әнші: 

- Әрине төлеймін. Ай сайын емес, ИП бар. Содан өткен ақшадан салық  төлеп тұрамыз. 


Ал сахнада небәрі үш жыл өнер көрсеткен жас әнші Серік Ибрагимов шоу - бизнестен  аз ақша қаратпаған. Бір  жылда 300 мың доллар.


Дегенмен, әнші бұл қаржыны жалғыз өзі таппаған. Продюсері мен көмекшісінің де еңбегі барын айтады. 


Серік Ибрагимов, әнші:

- Жалғыз  өзім емес, продюсерім бар, көмекшім бар.


Серіктен Мақпал Исабекова мен Әли Оқапов та қалыс қалмапты. Олардың жылдық табысы 300 мың доллар. Мақпал бар табысын актерлік қызметінен тапқан. Актриса ретінде «Қамау» фильмінде басты рөлде ойнаған әнші кейін телехикаяға түсіп, бірнеше киноларды дыбыстаған. Ал, әнші Әли Оқапов алғаш рет режисер ретінде бағын сынап көрген.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )