Жаңалықтар

16.02.17

Жүректерді жаулаған «Өшпес махаббат». Басты рөлде арман–жігіт Бурак Өзчивит

27 ақпаннан бастап 31 арнада тұсаукесер! Нәзік сезім, қатыгез тағдыр, байлар мен кедейлер әлемінің арасындағы алшақтық, тағдырдың адамға бір рет беретін бағы – біздің арнадағы ең ғажайып телехикаяда! Түркиядағы ең танымал, ең көп көрермен жинаған «Өшпес махаббат» (Kara sevda) телехикаясын әлемнің әр түкпіріндегі көрермендер шынайылығы, тазалығы, әділдігі, бірегейлігі және қайталанбас сюжеті үшін бір көргеннен ұнатқан. Ал бұл таңғажайып туындының басты рөлдерін – қыз біткеннің арманы, жігіттің серісі Бурак Өзчивит пен нәп–нәзік Неслихан Атагүл сомдайды. 27 ақпаннан бастап 21.00–де 31 арнада!

15.02.17

«Өшпес махаббаттың» екі жағы

31 арна 27 ақпаннан бастап 21.00–де танымал түрік актерлері Бурак Озчивит пен Неслихан Атагүл басты рөлдерді сомдайтын таңғажайып махаббат хикаясының куәсі болуға шақырады.

Жаңа бейнебаян