Жоба жайлы

Жарқ-жұрқ еткен Лас-Вегас, миллионерлердің салтанатты өмірі және ақша үшін бай-бағландарға жүрегін сыйға тартуға дайын ең сұлу бойжеткендер. Осы бір жалтырақ өмір мен  дүниеқоңыз адамдардың арасында, күнәһар шаһардың қақ ортасында өтірік пен көлгірсуден ада, пәк те шынайы махаббат оты тұтанады. Алайда, ойынхананың рулеткасындай шыр айналған өмірдің өз заңы бар, бұл жерде адалдыққа жол жоқ екенін дәлелдегісі келеді. 6 ақпаннан бастап 31 арнада тұсаукесер – «Жүректер патшайымы» америкалық телехикаясы. 

Алтын мен гаухар тастар, жастық пен сұлулық, Лас Вегастағы сән мен салтанатқа құрылған өмір таразының бір басында тұрса, шынайы сезім, адал еңбек, берік отбасы деген құндылықтарды басып кететіні анық. Телехикаяның кейіпкерлері жарығы жымың-жымың етіп, кез келген жанды еліктіретін қалада нәпсіге берілмей, махаббаттарын сақтап қала ала ма? 

Бұл телехикая басқаларға мүлде ұқсамайды. Жұмбаққа толы оқиғалар фильмнің басынан бастап өзіне баурап алады. Тергеулер, құпия агенттер және адамның тағдырымен ойнап, өзінше шешім қабылдап, тозаққа жетелейтін шыр айналған рулетка. Мұндай шырғалаңнан тірі қалу тек қана рухы мықты жандардың ғана қолынан келеді.

Басты кейіпкер - Рейна Ортис — өгей анасы мен сіңлісін асырау үшін күндіз-түні жұмыс істеп жүрген тігінші қыз. Алайда туыстары оның еңбегін пайдалануды ғана біледі. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Рейна байлық пен дәулетті аңсап, өмірін өзгерткісі келеді. Бір күні ол Николас деген жігітпен танысады. Ғашықтар Лас Вегасқа барып, үйленеміз деп жоспарлап жүреді. Бірақ күйеу жігіт тойға келмей қояды. Шіркеуде сүйіктісін күтіп тұрған Рейнаға оны өлтіріп кеткенін хабарлайды. Қыз есінен танып қалады.     

Бір кезде Рейна көзін ашып, жан-жағына қараса, шіркеуде тұрады. Алайда шіркеу әлдеқайда сәулетті, маңайы толы тойға келген қонақтар. Оған қоса Рейнаны алтарьда күтіп тұрған жігіт Николас емес, алпауыт кәсіпкер Виктор.

Содан бастап Рейна өзінің соңғы жылдары қалай өмір сүргенін ұмытып қалғанын түсінеді. Енді оған естеліктерін құрап, не болғанын есіне түсіру керек.

 

6 ақпаннан бастап жұмыс күндері сағат 18.00-де31 арнада!