Жоба жайлы

15 наурыздан бастап 31 арнада жаңа «1001 анекдот» жобасы жарыққа шығады. Енді анекдоттарды телеэкраннан жұлдыздар айтатын болады. Жобаға 150-ден астам әр түрлі саланың жұлдыздары қатысады. Оның ішінде әзіл-сықақ театрларының белді әртістері, әншілер, радио жүргізушілері, КВНшылар, тіпті дәрігерлер де бар. Мәселен, биология ғылымдарының докторы, Қазақстанда ЭКО зертханасын бірінші болып ендірген дәрігер  - Салтанат Байқошқарова, дәстүрлі әншілерден: Алтынбек Қоразбаев, Сәуле Жанпейісова, Алма Аманжолова, продюсер: Баян Есентаева,  КВН ойындарының майталмандары Құмар Лукманов, Даут Шайхисламов, әншілер: Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева, "Ninety One"тобы, танымал актерлардан: Жаннат Қуанышева, Райхан Қалиолдина, Ерден Телемисов, радиожүргізуші Евгений Жагалтаев, шоумен-жүргізушілер Роман Альманский, Мұрат Оспанов және де "Информбюро" жаңалықтарының тілші, жүргізушілері Асқар Мендыбаев, Наталья Райм, Мақсат Толықбай, Лимара Салих, Жанар Жолтаевалар басқа қырларынан көрінеді. 


Сс- жм 10.00-де!