Жоба жайлы

«Женатики»-  бұл  «Городские легенды»  хикаясының жалғасы болып табылады.   3-маусымнан кейін біраз уақыт өтеді.  «Городские легенды» басты кейіпкері Ермек пен Вага жақсы жар тауып, жаңа өмір бастайды. Алайда, алдағы уақытта қандай өмір күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Ермек қалыңдығын үйіне әкеліп, анасымен бірге тұрады. Бірақ, бір асүйге екі әйелдің басы симайтынын білген жоқ. Жұбайы күн сайын Ермектен басқа үйге көшіп кетуін сұрайды, бірақ жалғыз бала болғандықтан ол анасын тастап кете алмай басы қатады. Вага өз бетімен өмір сүріп үйренген адам. Алайда, әрбір басқан ізін әйеліне айтып отыру керек. Оның жары барлығын қадағалап, өзіне бағындыруды көздейді. Вага тәкаппар болып, күнде ұрысуды ма, әлде бағынып тыныш өмір сүруді таңдай ма? Олар барлық мәселесін Тимур деген бойдақ досына келіп айтып береді. Мұны көрген Тимур «Бақытты отбасы» психологиялық орталыққа баруын сұрайды. Ермек пен Вага әйелдерін жақсы көреді және ажырасқысы келмейді. Отбасылық қарым-қатынасты орнату үшін олар ешкімге айтпастан сол орталыққа көрінеді. Ол жерден өздері сияқты көңілді Айбын есімді жігітпен танысады. 


Соңында олар Тимурды да осы орталыққа әкеліп, оның «әйелі бар еркек» деген атқа ие болғысы келем жоқ па, соны шешіп алуын сұрайды.  " style="font-weight:normal">Осылай Ермек, Вага, Тимур және Айбын төртеуі бірге уақыттарын өткізіп, орталық берген тапсырманы орындауға көшеді. 


Ақпарат

Елі: Қазақстан
Жылы: 2017
Жанр: комедия
Режиссер: Санжар Омаров