Жоба жайлы

Жас та өмірге құштар Агнес, отбасымен, достарымен және көршілерімен, Ла Преза аталатын шағын елді мекенде  құлпынай өсіріп,  құлпынай тосабын дайындап күн көреді.

Алайда,  бір күні  жұмбақ жан құлпынай тиелген жүк көлігіне парашютпен келіп, құлап түседі.  Онсызда, ферманың қожайыны, егер бір аптаның ішінде қарыздарын төлемесе бұл жерді шетелдік инвесторға сатып жіберемін деп күнде мазаларын алып жүргенде, сатуға арналған құлпынайды бүлдірген бұл жас жігіттің қылығы тұрғындардың ашу-ызасын туғызады.

Ал, бұл жас жігіт ірі қонақ үйлер желісінің мұрагері, ата-анасының қатал тәрбиесіне көнбей бұлғақтап жүрген Ксандер Гранде болатын. Алайда, ол өзін кедей адам ретінде көрсетіп, бүлінген тауардың құнын төлеуден бас тартады. Сондықтан да, Ла Презаның тұрғындары оны қамауға алуды жөн көреді.

Агнес кейін Ксандердің кім екенін білген соң, оның әкесіне барып, көмек сұрайды. Алайда, әкесі Андрес болса, Ксандерді Ла Презе фермасында тұрып, қарызын өтеуге мәжбүрлейді.  Алғашында Ксандердің берекесіздігі көптеген қиындықтар әкеледі. Алайда, уақыт өте келе, Ксандер мұндағы жаңа достарының бір-біріне деген мейіріміне тәнті болып, Агнесті  ұнатып қалады.

 

Ақпарат

Ксандер рөлінде Энрике Гиль  
Агнес рөлінде Лиза Соберано