| Сейчас в эфире | 21:30 | 22:30 |
|---|---|---|
Фатмагүл
|
Әуе. Жер. Ғашық
|
Зона высадки
|
Видео
Заңсыз митинг өткізген оппозиция өкілдерінің туыстары олардан хабар ала-алмай алаңдаулы
Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Бұған дейін Жаңаөзен оқиғасына қатысты
күдікті ретінде тергеліп жатқан Жанболат Мамайға енді Қылмыстық Кодекстің
164-бабының 3-тармағы бойынша, "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып
тағылды. Бұған дейін ол "айыпталушы" емес, күдікті ретінде тергеуде болған. Ал,
оппозицияның тағы екі белсендісіне айыппұл салынды. Бүгін Алматы қаласының
әкімшілік соты, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы мен
суретші Қанат Ибрагимовқа "рұқсат етілмеген митингке қатысты" деген
айыппен, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге үкім
шығарды. Ал, заңсыз митингті ұйымдастырды деген айыппен сотталған Болат
Әбіловтың, Әміржан қосанов пен Әмірбек Тоғысовтың туысқандары, жақындарының
жағдайын әлі күнге дейін біле алмай жүргендерін айтады.
МАРЖАН АСПАНДИЯРОВА, ЖСДП ӨКІЛІ:
- Абақтыда отырған жерінен телефон арқылы жақын адамдарымен хабарласуға
кез-келген адам құқылы. Ол әлемде бар нәрсе. Бұндай нәрсе Қазақстанда
ғана жоқ.
Арнайы қамау орталығынан ешқандай ақпарат ала алмай жүрген туған - туыстары,
бірнеше күннен бері темір тордын маңайын торуылдап жүр. Ішкі істер
департаментіне де барып, мән-жайды білмек болған. Бірақ, онысынан түк
шықпапты. Тіпті, қорғаушының өзіне есік жабық. Айта кетейік, сайлау
қорытындысымен келіспеген оппозиция өкілдері, қаңтардың 28 күні Алматыда митинг
өткізген еді.
ТӨЛЕГЕН ЖҮКЕЕВ, САЯСАТКЕР:
- Ең болмаса, самьясы, балалары бар. Туысқандарына хабар беруге болады
ғой. Тоғысовтың да денсаулығы сыр беріп жүрген. Бұлар әдейі істеп, үрей
тудыртып, қорқытамыз дейді.



