Талант-шоуПередачи
Показывать:
21.10.2011

Рок-әнші Әсем өзін жаңа қырынан танытты

Қазақ эстарадасында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін рок-әнші үнемі Әсем қызу шаруаның ортасында жүреді. Ол С.А.Герасимов атындағы ВГИК-ті тәмамдап, диломын алды. Мәскеудегі сән апталығында өнер көрсетіп, Ресей, Моңғолия, Қазақстан аумағында өткен тарихи-этнографиялық экспедицияға атсалысты. Ал, жақында Әсем өзін халыққа жаңа қырынан танытты. Рок-әнші «31 арнада» 9 қазаннан бастап көрсетіле бастаған «Талант шоу» халықтық жобасының жүргізушісі.
03.10.2011

«31 арнада» жаңа жұлдыздар жарқырайды!

Өнерімен талайларды таң қалдырған тарландар мен ерекше дарын иелері, феномендер мен вундеркиндтер, жеткіншектер мен егде жастағылар - еліміздің барлық таланттары «31 арнаның» ең қызықты, халықтық жобасында. Телекөрермендердің жұлдызды сәті туды! Осы күзде «31 арнаның» ең қызықты, ең халықтық жобасының үшінші маусымында жаңа қаһармандар өз өнерін талғамы зор көрерменге паш етуге дайын.
14.02.2011

«Талант-шоу» жаңа жұлдыздардың бағын ашады

Егер сіз, талантты әрі дарынды, сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі болсаңыз, мың бұралып билейтін биші немесе дауысыңыз шың озған шынайы әнші болсаңыз, бір сөзбен айтқанда көпшілікті таңқалдыратын талан иесі болсыңыз, онда «31-ге келіңіз». Өйткені, 7-ақпаннан бастап, «Талан-шоудың» жаңа көрсетілмі басталды.
12.01.2011

14.09.2010

02.09.2010

17.08.2010