Талант-шоуПередачи
Класс!
Нравится

Талант-шоу

Жаңа маусымнан бастап «31 арна» өз көрермендеріне жаңа жобалар легін әзірлеуде. Солардың бірі - талапты жастардың талантын шыңдайтын «Талант-шоу» бағдарламасы. Тек біздің арнадан әр жексенбі сайын әзіл-қалжыңы жарасқан талантты жастардың сайысын тамашалаңыздар!

Жобаның басты мақсаты -  қазақ тілінде сапалы әрі көпшілік көретін бағдарлама жасау. Ал бағдарламаның жаңалығына келер болсақ, қазақтың-салт дәстүрі - суырып салма өнерін жаңа қырынан жандандыру. Яғни, ойынға қатысушылар берілген тақырып негізінде бұл өнердің барлық әдіс-тәсілдерін қолдана алады. Мәселен, өлең оқу, көркем сурет салу, музыкалық нөмір көрсету, пантомима, пародия, монолог және т.б. Сайыс негізінен 3 кезеңнен тұрады. Екі топ әр кезең сайын бір-бір қойылым ұйымдастырады. Сонымен қатар, сайысқа қатысушылардың өнері көпшілік көңілінен шығуы тиіс. Алайда қандай да бір себептермен қатысушылар ойын барысында қателік жіберіп, берілген тапсырманы тиісінше орындай алмай қалған жағдайдың өзінде де бұл көрермен назарын аударары сөзсіз. Демек, бұл көгілдір экранның арғы жағында отырғандар үшін де жеңіс болмақ.

    Форматы: ойын-сауықтық думан
    Өндірісі: «31 арна»
    Ұзақтығы: 40 мин.