ГалилеоПередачи
Дүйсенбіден жұмаға дейін, 12:30 де
Класс!
Нравится

Галилео

«Қараңыздаршы, біз қандай ғажайып әлемде өмір сүреміз» деген қанатты сөздермен басталатын бағдарламадан көптеген қызықты сюжеттерді көруге мүмкіндік бар.

Мысалы, теплоходтың жылдамдығы қандай және онымен ашық мұхитқа сапар шегу  қауіпті емес пе?  Ал бір реттік жаялықтар қалай және неден жасалады? Неге олар сұйықтық атаулыны бойына сіңіріп алады?  Жазғы демалысты қалай өткізуге болады және саяжайда шыбын-шіркейлер мен масалардан қалай қорғануға болады? Осы және өзге де сұрақтарға «Галилео» ұжымы жауап береді.
Бағдарлама жанры  инфотейнмент бағытына негізделген, бұл ғылыми жаңалықтарды көрермендерге түсінікті болуы үшін, ойын-сауықтық тәсілмен жеткізу. Енді көрермендер сүйікті бағдарламасындағы қызықты сюжеттерді күнделікті бір сағат көлемінде тамашалай алады.

    Жанры, формасы: тележурнал, ProSieben неміс телеарнасының форматы бойынша, инфотейнмент.
    Тілі: орысша
    Ұзақтығы (хронометражы): 1 сағат
    Өндірісі: «ТелеФормат»
    Жиілігі: аптасына 7 рет
    Продюсерлері: Александр Левин, Александр Роднянский
    Жүргізушісі: Александр Пушной