| Сейчас в эфире | 10:00 | 10:30 |
|---|---|---|
Мезгілсіз сезім
|
Зак пен Кодидің өмірі немесе «Тип-топ» хикаясы
|
Аса күлкілі бейнетүсірілім
|
Живая мишень
Оны от пен оқтың ортасына не итермелейді?
Тек ержүрек, қайсар адам ғана өзге жанды құтқарып қалу үшін от пен оқтың
ортасында басын бәйгеге тіге алады. Human Target - осы аттас комикс
негізінде түсірілген экшн-драма, ондағы басты кейіпкер - Кристофер Чэнс,
жалғыз ғана жеке күзетші. Қорғаушы, күзетші немесе оққағар деңіз, бәрібір.
Алайда, Чэнс үшін ең бастысы – өз қожайынының өмірін аман сақтау. Белгілі
әдістермен өлім қаупінің алдын-алу мүмкін болмаған жағдайда, Чэнс қожайынын
сақтап қалу үшін, бар айланы қолданады. Егер корпорация менеджеріне жұмыстан
қуылған бағыныштысы қауіп төндірер болса, Чэнс корпорация аудиторына айналады.
Егер банк президентіне банк тоналады деген ақпар түссе, Чэнс банк қызметкері
болады.
Әрбір істе Кристоферге оның бизнес-серіктесі Уинстон мен ерікті Герреро
көмектеседі. Әрбір істе Кристофер өз қожайынын құтқару үшін отқа түсіп,
қастандық құпиясын ашады. Әрбір іс барысында Чэнстің өзі туралы біршама
білеміз. Жалпы, Кристофер Чэнестің кім екенін және оның өткен өмірінде қандай
құпиялары бар екенін кім біледі?
Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма
Рөлдерде: Марк Вэлли, Чи МакБрайд, Эрл Хейли, Индира Варма, Джанет
Монтгомери


