АғайындыларСериалы
Класс!
Нравится

Ағайындылар

Кейде отбасындағы қиындықтар сенің иығыңа түсіп жатады...

Сөйте тұра, сен тек соларды ғана ойлайсың, уайымдайсың. Міне, «31 арнаның» көрерменіне жол тартқалы отырған корей телехикасының айтпағы да осы. Отбасындағы кикілжіңдер, сатқындықтар, бір-біріне деген сүйіспеншіліктері мен үлкен махаббаттары «Ағайындылар» сериалында ашық жеткізілген.
Сан Кьёнг – зейнеттегі сақшы және үш баланың әкесі.
Тәжірибелі сақшы әрі қомқор әке ретінде оның бар үміті үлкен ұлы қаржыгер  Ган Гэнгте. Бірақ ұлы қателікке көп бой алдыратын жігіт болғандықтан, ақыры әйелімен ажырасып тынады.

Екінші ұлы – Хьюн Чал ешқашан ата-анасының сүйікті баласы болмаса да, бүгінде отбасылық бизнестің тізгінін ұстап келеді және өте сәтті.

Үшінші ұлы – Йи Сангом ең кішісі, бірақ әкесінің жолын қуған құқық қорғау қызметкері.  Осылайша айрандай ұйып келген отбасының шырқы кенет бұзылады. Оған себепкер көрікті үш келін болмақ.

    Cценарий авторы: Луна Ен Нама
    Режиссері: Джин Хен-вука
    Ұзақтығы: 60 минут
    Жанры: мелодрама
    Рөлдерде: Ли Юн-Хек, Ан-Наэ Санг, О Дэ-Кю, У Цзи-Вон