Сезім сыңғырыСериалы
Дс-жм 02:30-да
Класс!
Нравится

Сезім сыңғыры

Көктемнің алғашқы күндері - «31 арна» көрермендеріне жаңа маусыммен бірге келгенін хабарлайды. Оған дәлел, нағыз сезім мен нәзіктіктің, шексіз романтиканың құшағына жетелейтін «Сезім сыңғыры» болмақ. Наурыздың 2-жұлдызында, «31 арнада» жаңа махаббат хикаясы басталады.

«Сезім сыңғыры» - бұл түріктің ең танымал жазушысы Решат Нури Гюнтекиннің шығарма желісінде түсірілген жаңа телехикая. Бұл әйгілі жазушының туындысы бойынша жарық көрген жалғыз телехикаясы емес. Бұған дейін де көпшіліктің көңілінен шыққан "Yapirak dokumu" («Листопад») және басты рөлде түріктің ең көрікті актрисаларының бірі Айдан Шенер түскен "Королeк - птичка певчая" сериалдары үлкен экранға жол тартқан болатын. 

Алғашқы сериадан-ақ, өмірдің қиындықтары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың тек тағдырға ғана тәуелді болатынын, сонымен қатар «махаббат» деген ұлы сезімнің кез келген жағдайға, әлеуметтік топқа қарамастан, күтпеген сәтте келетінін көрсетеді.

«Сезім сыңғырының» басты рөлін сомдау, осыған дейін көптеген телехикаяларда, оған қоса 16-ға жуық түрік жарнамасының бет-пердесі болып үлгерген актер Бұрақ Хаққы мен сән әлемінің гүліне айналған, алғашқы шығармашылық жолы "Гюлюм" сериалынан басталған жас актриса  Аслы Тандоғанға бұйрыпты. 

Жақын күндері, тек «31 арнадан», «махаббат» атты ұлы сезімнің күйін шертетін көрсетілім көрермендерге жол тартпақ.

Көктемді «Сезім сыңғырымен» қарсы алыңыздар!

    Жанры: мелодрама
    Жылы: 2008-2009
    Елі: Түркия
    Басты рөлдерде: Бұрақ Хаққы пен Аслы Тандоған