| Сейчас в эфире | 10:00 | 10:30 |
|---|---|---|
Мезгілсіз сезім
|
Зак пен Кодидің өмірі немесе «Тип-топ» хикаясы
|
Аса күлкілі бейнетүсірілім
|
Қуғындағы құлдар
Өмір сүруге ұмтылған құлдар мен кек алуға тырысқан қуғыншылардың арасындағы шешуші - Ұлы шайқастың күні таяу...
Ұлы империя құлдары әлеуметтік хұқықтарын талап етіп және ауқатты өмір
сүруді мақсат еткен қарсыластар әскеріне қосылу туралы жоспар құруда.
Күннен-күнге күшейіп бара жатқан соғыстан қуаттанған Ли Дэ Гиль отбасына
тиесілі құлдардың бірі қожайынының үйін өртеп, қарындасы Ким Хе Вонмен бірге
қашып кетеді. Өрт салдарынан ақсүйек отбасы опат болып, тек қожайынның ұлы – Хе
Вонның ғашығы, Ли ғана тірі қалады. Ұзақ уақыт бойы дала кезіп, кек алмай
тынбауға бел буған Ли Дэ Гиль қашқын құлдарды аулауда аты шығып, нағыз ержүрек
батырға айналады.
Оның мақсаты – жеңіліс тауып ханзадамен бірге тұтқынға түскен бұрынғы әскери
генерал Сон Тэ Хамен кездесу. Ұзақ азаптан ханзада көз жұмғаннан кейін,
ол өз мырзасының соңғы аманаты орындап – ұлын құтқару үшін құлдықтан қашады.
Сон Тэ Ха өзге де қашқындармен бірігіп «Құлдар әскерін» құрады. Олардың мақсаты
– барлық адам тең өмір сүретін мемлекет құру.
Елі: Оңтүстік Корея
Жанры: тариха драма
Режиссері: Кван Джунг Хван
Рөлдерде: Ли Дженг Хюк, Ох Джи Хоу, Ли Да Хэ, Хан Джунг Су, Ким Джи
Сук


