ФатмагүлСериалы
дс-бб 20:00-де
Показывать:
08.05.2012

Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...

Fatmagul хикаясының түсірілімі барысында түрік баспасөз беттерінде екеуінің махаббаты жайлы жиі сөз болып, олардың болашағын бір отбасына тоғыстырған болжамдар айтылып, көпшілік алдына бірге шыққан сәттерін папарация суретке түсіруге үлгеріп жататын. Берен Саат пен Энгин Акюрек тосын жаңалық іздеушілердің басты құрбанына айналғанына біршама уақыт өтті.
02.05.2012

БЕРЕН СААТТЫҢ алғашқы махаббаты

Fatmagul хикаясындағы рөлі үшін «Үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алған актриса Берен Саат өміріндегі еңүлкен махаббаты жайлы ашық әңгімелеп, жеке өміріне қатысты сыбыстардың негізсіз екенін дәлелдеп берді.
25.04.2012

Фатмагүлді алда не күтіп тұр?

Фатмагүл есімді жас ару ағасымен бірге шағын ауылда тұратын, жеңгесіне үй шаруаларына көмектесіп, інісіне қарайтын, сүйген жігіті Мустафаға тұрмысқа шығатын күнді асыға күтіп жүрген еді. Ол өз үйінің болғанын, бақытты отбасын құруды армандайтын. Жас ару Фатмагүлдің армандары, мыңдаған қыздың арманы секілді, тек бір оқиға болмағанда...
24.04.2012

Берен мен Энгин тағы да экранда - "Фатмагүл" телехикаясының жалғасы...

«31 арна» өз көрермендеріне әйгілі «Фатмагүл» телехикаясының жалғасын тамашалау мүмкіндігін сыйлап отыр. Тұсаукесері 2 мамыр күні 20:00-де! Естеріңізге саламыз, бұл мелодрамада басты рөлдерді Түркияның аса тамынал актерлары Берен Саат пен Энгин Акюрек сомдаған болатын.
24.01.2012

Керім мен Фатмагүлдің махаббат хикаясы

«31 арна» көрермендерінің көптеп сұрауы бойынша әйгілі «Фатмагүл» телехикаясының алғашқы маусымы қайта көрсетіле бастады. Бұл оқиға өзінің арман-мақсаттарынан айрылып, өзгенің қалауы бойынша өмір сүруге мәжбүр болған бойжеткен туралы...
16.01.2012

Фатмагүл қайта оралды ...

Берен Саат- сұлу да көрікті, аса дарынды және Түркиядағы қымбат актрисалардың бірі саналатын өнер иесі, тағы да өздеріңізбен қауышып отыр. Осынау қара шашты, жанары көктемнің көгіндей жап-жасыл, нәзік қыз қазақстандық көрермендерге бірден ұнады. Сауалнама нәтижесі бойынша «Жыл әйелі» болып танылды.
16.08.2011

Fatmagul....хикая жалғасады

«31 арнада» түріктің Fatmagul... телехикаясының алғашқы маусымы аяқталды. Жас қыздың басынан өткен оқиғалар телекөрермендердің ерекше қызығушылығын туғызды. Фильм сюжетінің тартымдылығы сондай, ол тіпті «телетоптамаларға мүлде қызықпайтын» жандарды да өзіне баурап әкетті. Ғаламторда Фан-клубтар құрылып, форумдарда басты рөлді сомдаған актерлардың жеке өмірі туралы түрлі жаңалықтар жариялануда.
11.07.2011

Fatmagul... барлық құпия ашылар ма?

Соңғы уақытта болған оқиғалардың салдарынан Фатмагүлдің әбден басы қатты. Керімге деген реніші мен өшпенділігі бір жағынан, екінші жағынан Мұстафаның алдында өзін кінәлі сезініп, ақылы айран-асыр болды. Ал, жүрегі не деп соғады? Тіпті өзі де мойындағысы келмейтін сезімінің құпиясы неде?
04.07.2011

Fatmagul – өшпенділіктен махаббатқа ...

Түріктің Fatmagul телехикаясы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Енді көпшілік қауым басты рөлдерді сомдайтын әртістер Фатмагүл (Берен Саат) пен Керема (Энгин Акюрек) туралы толығырақ мәлімет беруді сұрайды...
13.06.2011

Күнәсіз бойжеткен Фатмагүлді «кінәлі» деп тапты...

Оқиға өздерінің арман-мақсаттарынан айрылып, өзгенің қалауы бойынша өмір сүруге мәжбүр болған екі жас туралы.