| Сейчас в эфире | 21:30 | 22:30 |
|---|---|---|
Фатмагүл
|
Әуе. Жер. Ғашық
|
Зона высадки
|
Дневники вампира
Стефан — жүздеген жыл өмір сүрген!
Осыдан төрт ай бұрын жантүршігерлік көлік апатынан олардың ата-анасы қаза
болды. Содан бері 17 жасар Елена мен Гилберт және оның 15 жасар інісі Джереми
қан жұтқан қайғыдан естерін енді жиып, қалыпты өмірге оралуға талпынуда. Елена
үздік оқушы, мектептегі әдемі де белгілі қыз болатын, алайда, енді оған
қайғысын ішіне жасыру оңайға соқпауда. Оқу жылының басында Елена мен оның
достарының назары әдемі, жұмбағы мол жаңа оқушы Стефан Сальваторға
ауады.
Стефан мен Елена бірін-бірі бірден ұнатады, алайда Елена Стефанның жүздеген жыл
өмір сүрген қансорғыш екенін білмейді. Ағасы Дэмон – қанға құныққан қатыгез,
нағыз вампир екеніне қармастан, ол адамдардың арасында мүмкіндігінше бейбіт
өмір сүруге тырысады. Енді, бірі мейірімді, бірі жауыз екі вампир - Елена мен
оның достары және Мистик Фоллз қаласының өзге тұрғындарының жаны үшін күреске
түседі.
Жанры: үрей, фэнтези, драма
Режиссері: Маркос Сига, Дэвид Фон Энкен, Дж. Миллер Тобин
Рөлдерде: Нина Добрев, Пол Уэсли, Иен Сомерхолдер, Стивен Р.
МакКуин



