КелінСериалы
Класс!
Нравится

Келін

Бұл қазақстандық көрермендердің көптен күткен түрік туындысы. Олай деуіміздің себебі, «Асмалы қонақ» сериалында Бахар рөлін сомдаған Нургюль Ешильчай көпшілік көңілін жаулап алған еді. Енді сүйікті актрисаларыңызды «31 арнадан» да көре аласыздар.

Бұл туындыдан кейін көрермендер бұл актрисаны экран беттерінен көре алмай кекеткен еді. Бүгінде 34 жастағы әртіс түріктің «ең үздік актрисасы» атанып үлгерген.

Жалпы, «Келін» туындысының негізгі желісі енді ғана келін болып түскен Езо Гелиннін бірден жесір қалуынан басталады. Алайда өжет келін барлық қиындыққа төтеп беріп, өз бақыты үшін күресіп бағады. 

Езо жастайынан жетімдікті көп көрген қыз. Өмірдің қиындығы мен ауыр жұмысынан бас ала алмай өссе де көрікті әрі мейрімді бойжеткенге айналады. Бақытына орай ауылдағы ең келбетті Өмір оның жүрегін жаулап, екі жас бас біріктіруді ұйғарады. Ал қызға сырттай ғашық ауылдың бай жігіттерінің бірі Біләл Езо мен Өмірдің бақытына барынша кедергі келтіріп бағады. Алайда бұл әркетінен ештеңе шықпай, ғашықтар шаңырақ көтеріп үлгереді. Күндердің бір күнінде Өмір жол апатына ұшырап, ауыл тұрғындары оны өлдіге балайды. Тек ғашық Езоның ғана жүрегі бұған сенбейді. Сондықтан күтумен болады. Уакыт өте келе арудың үміті де үзіледі. Бірақ сүйіктісіне деген махаббаты тағдырдың сынағынан сүрінбей, мойымай өтуге күш береді... 

Бұдан ары кейіпкерлердің өмірі қалай өрбитінін 2-қарашандан бастап, «31 арнадан» жебермей көріңіздер!

    Режиссері: Улус Байрактар
    Композиторы: Ариф Саг
    Елі: Турция
    Жыл: 2006
    Жанры: драма
    Рөлдерде: Нургюль Ешилчай, Эркан Север, Мустафа Авкиран,  Нихан Окутуху, Макит Сонкан, Энгин Юксель, Халил Кумова