Мезгілсіз сезімСериалы
Показывать:
17.02.2012

Өзге түгіл, өзің де мойындай алмас сезім...

Бихтер мен Бехлюль атты екі жастың бір-біріне деген құпия сезімдері туралы сыр шертетін бұл хикая түрік киногерлерінің соңғы жылдағы ең үздік шығармасына айналды. Романтикалық махаббат оқиғасы көптеген елдерде көрермендер көңілінен шығып, кино саласындағы 18 марапатқа ие болды.
03.02.2012

Берен Саат – Түркияның «сегіз қырлы» жақұты

Осынау бетінің ұшында жымиса кішкене ғана шұңқыр пайда болатын сүйкімді ару миллиондаған көрермендердің жүрегін жаулады. Киносыншылар оны режиссерлар үшін нағыз асыл қазына десе, әріптестері бүгінгі күннің ең үздік актрисасына балайды.
10.01.2012

«31 арнада» түрік киногерлерінің үздік туындысы!

Бихтер мен Бехлюль атты екі жастың арасындағы іңкәрілікке толы құпия сезім жайлы бұл хикая өткен жылы Түркияда түсірілген ең үздік кинотуынды болып танылды. Жүрек қылын шертетін әдемі оқиғалардан құралған телетоптама миллиондаған көрерменнің көңілінен шығып, кино саласындағы 18 жүлдені бірдей иеленді.
26.12.2011

Жаңажылғы тұсаукесер! Берен Саат «Мезгілсіз сезім» хикаясында!

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде «31 арна» өз көрермендерін бірнеше жобалармен қуантпақ. 4 қаңтардан бастап – «Әуе. Жер.Ғашық.» және «Мезгілсіз сезім» хикаялары эфирге жол тартады.