Мезгілсіз сезімСериалы
дс-бс 20:30 да, жұма 21:30-да
Класс!
Нравится

Мезгілсіз сезім

Құштарлық құрсауында...

Аднан - Стамбул қаласындағы ең дәулетті және сыйлы жандардың бірі. Бұдан 11 жыл бұрын әйелі қайтыс болған еді. Содан бері қызы Нихаль және ұлы Бюлентпен бірге,  қаладағы ең әдемі үйлердің бірінде өзімен-өзі, мамыражай тірлік кешуде.  Бұл шаңырақта сондай-ақ, француз күтуші және жиені Бехлюль де тұрады.
Аднанның бірқалыпты, тыныш өмірі Бихтер атты жас сұлумен танысқаннан кейін, аяқ астынан өзгереді.  Ол баяғы жас кезіндегідей бойжеткенге ес-түссіз ғашық болады.
Бихтердің анасы – Фирдевс нағыз ақсүйек әйел. Ол айналасындағы ер адамдардың көзіне түсіп қалу үшін үнемі қызымен бәсекелесіп жүреді. Күйеуінің кенеттен қаза болуы да, оның бұл мінезін өзгерте алмады. Бихтер анасын әкесінің өліміне кінәлі деп есептейді, оның ашкөздігі  мен есепқұмарлығын ұнатпайды және аралары бірте-бірте суына берді. Жалғыздықтан арылу үшін Бихтер мейірімді де, бауырмал Аднанмен араласа бастайды.  Бірте-бірте онымен бірге жанына пана тапқан қыз жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. 
Фирдевс болса сымбатты да, дәулетті Аднан өзіне жақсы жар болатынын түсініп, оны өзіне қарату үшін барынша талпынады. Осылайша анасы мен қызының арасында бәсекелестік басталады. Алайда, Аднан Бихтер сұлуға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды.
Той өткеннен кейін,  үлкен үйде жұбайлардың сенімге толы мамыражай өмірлері басталады. Бірақ, жүректерді жаулаған мезгілсіз сезімге шара бар ма?!
Бехлюль мен Бихтер бір-біріне ғашық болады. Осылайша жастар құштарлық құрсауында қалады...

    Атауы: Ask-I Memnu 
    Елі: Түркия
    Режиссёрі: Месуд Эрарслан
    Рөлдерде: Кыванч Тутлыту, Сэльчук  Йонтем,  Бэрэн Саат, Нэбахат Чехрэ