МенталистСериалы
демалыс күндері 01:30, 02:20-да
Класс!
Нравится

Менталист

Өтіріктің өңін айналдырады...

Патрик Джейн – Калифорния Тергеу Бюросының тәуелсіз кеңесшісі, ізкесуші, ұстарадай өткір байқампаздық қабылетін ауыр қылмыстарды ашу үшін қолданады.
Ол бір кездері, тіпті, көріпкел кейпіне де енген еліктіргіш әрі,  керемет тәжірибелі психолог.  Өзі ойлап тапқан кейіпкері экстрасенс Джейннің кейпінде ол, тергеу орындарына кісі өлтірушіні ұстап беруге көмектескен болатын. Бір жолы телеарнаға сұхбат беру барысында көріпкел ретінде маньяктың псхологиялық бейнесін сипаттап берген еді... Мұндай «өтіріктен» ашуға булыққан Қанды Джон оның қызы мен әйелін өлтіреді. Енді менталист Калифорниялық тергеу бюросында түрлі ауыр қылмыстарды ашуға көмектесумен айналысады.Патрик  бюроға көмектесе жүріп  Қанды Джон ұсталса деген үмітпен өмір сүреді.
Ал Бюроның өзінде Джейн жиі хаттама бұзушы ретінде және бұрынғы танымалдылығымен әйгілі, алайда, әріптестері кеңесшінің жұмысын жоғары бағалайды. Дегенмен де, аға агент Тереза Либсон Джейннің өз бөлімінде жұмыс істеуіне қарсы, оның табыстарын амалсыздан мойындайды, кейде оны өркөкіректігі, бейімделгіштігі  мен  шектен тыс еркіндігі үшін сынға алады.  

 

    Жанры: триллер/драма/детектив
    Рөлдерде: Саймон Бейкер, Робин Танни, Тим Кенг, Овайн Йомэн, Аманда Риджетти