Дрейк және ДжошСериалы
Класс!
Нравится

Дрейк және Джош

«Дрэйк және Джош» — бұл көңілді әрі тағдырдың жазуымен тосыннан ағалы-інілі атанған екі жеткіншек жайлы хикая.

Өйткені, Дрейк Одри Паркер (аналары) және Джоша Уолтер Николс (әкелері) отбасы құруға шешім қалыдап, бұрынғы некелеріндегі балаларымен бірге келеді.


Драйк гитараның құлағындай ойнатын әрі әсем ән салатын жігіт. Тіпті өзінің жеке музыкалық тобы да бар. Оған қоса, өте көрікті, қыздардың көңілін бірден жаулап алатын қасиетке ие. Бірақ, мүлдем сабаққа деген құлшынысы жоқ бала. Ал Джош, керісінше, өте білімді. Барлығын өз орымен жасауды қалайтын, қолға алған ісін соңына дейін жеткізгенді ұнатады. Бірақ оның да бір кемшілігі бар, яғни видео ойынға жаны құмар. Осылайша, бір-біріне қарама-қайшы екеуі мәжбүрлі түрде бірге бір шаңырақтың астында ғана емес, бір бөлмені бөліспек. Алайда бұл оңай шаруа емес. Алайда Дрэйк пен Джоштың ортақ қайғылары – олардың қарындасы Меган. Десе де, ағайындылар қанша қиындыққа тап болса да ағалы-ініні ажырату мүмкін емес екенін дәлелдейді.


Жақында, «31 арнада» жаңа телехикаяны тамашалаңыздар!     

    Режиссерлері: Стив Хофер, Вирджил Л. Фабиан, Адам Вайсман
    Сценарий авторлары: Дэн Шнайдер, Эрик
    Фридман, Джордж Доути IV
    Продюсерлері: Дэн Шнайдер, Джо Катания, Робин Уэйнер

    Жанры: отбасылық комедия
    Ұзақтығы: 30 мин.