| Сейчас в эфире | 21:30 | 22:30 |
|---|---|---|
Фатмагүл
|
Әуе. Жер. Ғашық
|
Зона высадки
|
Мультфильмдер
Күнделікті «31 арнамен» бірге мультфильмдер әлеміне саяхат жасаңдар, балалар!
Кез келген баланың ең сүйікті көрсетілімі, ол әрқашанда - мульфильмдер. Және оқиға желісі қаншалықты қызық, шытырман жайттерге толы болса, балғындарымыз үшін соншалықты көңілді болмақ. Бүгінде әлемнің ең үлкен студияларында жыл сайын осындай кішкентай көрермендер үшін мыңдаған туындылар жарыққа шығып жатады.
Мәселен, осындай үздік туындылардың бірі - «Лило мен Стич». Лило – Гавай аралында тұтартын қыз. Ал Стич – табиғатынан қандай жануар екені түсініксіз басқа планетадан келген тіршілік иесі. Алайда соған қарамастан екеуі нағыз достар.
Арнамыздан көрсетіліп жатқан енді бірі мультфильм - «Джеки Чанның хикаялары» деп аталады. Бұл жерде Джеки бірден екі анимациялық кейіпкердің образын сомдаған. Бірінші - танымал археолог Индиан Джонстың бейнесі, екінші - әйгілі актер Джеки Чан, яғни негізгі кейіпкер өзі. Бұл балалар үшін тәрбиелік мәні зор мультитоптамалар.
Жанры: мультфильм
Жилігі: күнделікті
Тілі: қазақша, орысша
Эфир уақыты: күнделікті 13:30, демалыс күндері 7:30, 9:00 және
17:00.



