ИнформбюроПроекты
дүйсенбі - жұма 19:00
Класс!
Нравится

Информбюро

Күнделікті үйге, жұмысқа бара жатқанда немесе келе жатқанда, көлікте әлде қоғамдық ортада, елімізде және әлемде мыңдаған қызықты әрі маңызды жаңалықтар, тосын оқиғалар орын алып жатары сөзсіз.

Күнделікті үйге, жұмысқа бара жатқанда немесе келе жатқанда, көлікте әлде қоғамдық ортада, елімізде және әлемде мыңдаған қызықты әрі маңызды жаңалықтар, тосын оқиғалар орын алып жатары сөзсіз. Кейде оның барлығы біздің өмірімізге де әсер етіп жатады емес пе? Міне, сондықтан сіз, көрермен соңғы жаңалықтардын дер кезінде хабардар болуыңыз қажет. Ал, бұл тұста сізге бір жұдырықша жұмылған «Информбюро» көмекке келеді.
«Информбюронің» кәсіпқой мамандары Қазақстанының түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Алыс демей, жақын демей, қыстың қақаған суығында да, шыжыған күннің ыстығында да тау тасқа өрмелеп, дархан далаға сапар шегеді. Әртүрлі маман өкілдерімен тілдесіп, халықтың тыныс-тіршілігімен танысады. Айтары бар кез-келген жанның қасынан табылуға әзір. Сондықтан, «Информбюроның» әрбір дайындығы, сюжеттері өткір шындық пен ақиқатқа негізделген. «Информбюро» жаңалықтары — Қазақстанның тарихына жедел енген ақпараттар тасқыны.
«Информбюро» телевизиялық ақпараттық бағдарламасының жобасы 1996 жылдан бастау алады. Қазақстанда әлі күнге дейін республикалық және халықаралық телебайқаулар мен фестивальдерде жүлдегер атанған телеақпарат толқынында дәл осындай бірде-бір бағдарлама жоқ.
Жоба «Алтын Жұлдыз» республикалық байқауының «Ақпараттар бағдарламасының үздігі» мен «Үздік автор» номенациясы бойынша 5 бірдей жүлде алған. Сонымен қатар “Ақпараттар әлемі” Мәскеу телефестивалінде жеткен жетістіктерді де жеке айтуға болады.

    Жанры, формасы: ақпараттық бағдарлама
    Тілі: қазақша
    Ұзақтығы: 30 мин
    Редакцияның байланыс телефондары: 8 (727) 315 95 31
    Жауапты редакторы: Болат Мүрсәлім
    Жүргізушілері: Лимара Қазиева, Аида Боранбай, Мақсат Толықбай
    Журналистері: Жанар Жолтаева, Ұлан Тәліпбаев, Ирина Советжанқызы, Жәния Өсерқұл
    Режиссерлер: Тимур Қайранбаев, Татьяна Петкова