Информбюро

28.06.16

Сібір жарасының таралуына мал өлекселері көмілген жерлер қауіп төндіруі мүмкін

Сібір жарасының таралуына мал өлекселері көмілген жерлер қауіп төндіріп тұрған сияқты. Дерт ошағына барып, жағдайды өз көзімен көріп келген премьер-министр Кәрім Мәсімов ондай аумақтардың қараусыз жатқандығын сынады. Қыруар қаржы бөлінсе де, қоршалған, белгі қойылған қорым жоқ. Сондай-ақ Кәрім Мәсімов толастамай тұрған жауыннан су ортасында қалған Алматы басшысын қайта сөкті. Бітелген арықтарды тексеру үшін жақын күндері Кәрім Мәсімов арнайы барып әкіммен арықтармен жаяу жүріп қайтпақ екен.

323

28.06.16

Қарағанды облысында сібір жарасы тағы бір малдан анықталды

Қарағанды облысында сібір жарасы тағы бір малдан анықталды. Қауіпті індетті жұқтырған бір жарым жасар бұқаны жергілікті мамандар жойып үлгерген. Ал қазір карантинге жабылған Еркіндік ауылының қалған малдары елдімекен басшысы белгілеген жерде жайылып жүрген көрінеді. Ал малдардың өлексесі көмілген жерді атқамінерлер енді қоршаймыз деп отыр.

241

28.06.16

Елімізде білім саласындағы үштілділік мәселесіне қоғам қайраткерлері нақты қарсылық білдірді

Елімізде білім саласындағы үштілділік мәселесіне қоғам қайраткерлері нақты қарсылық білдірді. Әсіресе, мектеп қабырғасында жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жоспары бүгін Алматыда өткен қоғамдық талқылауда ашық сынға ұшырады. Тіпті бұл қазақ тілін ғылым аясынан ығыстыру процесі деген пікірлер айтылып, 25 жылда 13 министр ауысқан Білім және Ғылым министрлігі өкілдеріне көпшілік сансыз сауал қойып, тергеуге салды.

4420

28.06.16

Қазақстан журналистер одағы 2016 жылғы сыйлықтың лауреаттарын жариялады

Баспасөз күніне орай Қазақстан журналистер одағы 2016 жылғы сыйлықтың лауреаттарын жариялады. Ең қызығы, марапатқа ие болғандардың ішінде билікке бағынышты басылымдардың бірде-бір өкілі болған жоқ. Шығармашылық ұйымның айтуынша, бұл жолы соңғы бір айдың ішінде болған оқиғалар мен жер реформасына қатысты халыққа шынайы ақпарат жеткізбей, жалтақтық танытқан баспаөздердің ешбірі есепке алынбапты.

319

28.06.16

Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар делінген күдікті Аян Мейірбаев қамаудан босатылды

Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар делінген күдікті Аян Мейірбаев қамаудан босатылып, өзге үш күдіктінің қамау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. 5 айдан асқан тергеу амалдары әлі де жалғасуда. Ал қылмыстық істе негізгі күдікті саналған Мейірбаевтың босап шығуы қоғамның наразылығын тудырды. Ресми ақпарат бойынша ол, тіпті, 7 мамырдан бастап бостандықта екен.

400

28.06.16

Ақтөбедегі терактіден кейін заңға «отбасындағы діни зорлық» ұғымы енуі мүмкін

Ақтөбедегі терактіден кейін заңға «отбасындағы діни зорлық» ұғымы енуі мүмкін. Себебі теріс жолды ұстанғандар көбіне отбасы мүшелерін психологиялық қысыммен өз жолына түсуге мәжбүрлейді. Осылай деген ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов оларды қорғау үшін бірінші аталмыш ұғымға заң жүзінде баға берілу керек деді.

357

28.06.16

Қызылордаға қарасты Тасбөгет ауылының басшылары бірнеше отбасыны апатты үйден апатты үйге көшірмек

Қызылорда қаласында тағы да баспана дауы. Қалаға қарасты Тасбөгет ауылының басшылары бірнеше отбасыны апатты үйден апатты үйге көшірмек. Ал халық ақ жағалылардың мұндай ұсынысымен мүлде келіспейді.

373

28.06.16

Қасиетті Рамазан айында отбасы амандығы үшін жан басына берілетін пітір садақаның өзі табыс көзіне айналған

Қасиетті Рамазан айында отбасы амандығы үшін жан басына берілетін пітір садақаның өзі табыс көзіне айналған. Ақтөбеде осындай алаяқтықтың жаңа түрі пайда болыпты. Белгісіз біреулер базар аралап саудагерлерден мешітке бармай- ақ, пітір садақаны өздері арқылы беріп жіберуді сұрайтын көрінеді. Тіпті бірнеше адам солай пітір садақаларын бергендерін айтады.

493

28.06.16

Еліміздің келіншектері мұсылман некесі кезінде берілетін сый "мәхрге" не сұрайды?

Исламда күйеу жігіттің жарына ақшалай немесе дүние ретінде берілетін сыйлығын "Мәхр" деп атайды. Шариғат бойынша онсыз неке қиылмайды. Ал оның көлемін тек қалыңдық анықтайды. Еліміздің келіншектері бүгінде мәхрге не сұрап жүр? Оның минималды көлемі қанша? Қалыңдық сыйлығын алып бермеген ер күнә арқалай ма? Бұл сұрақтардың жауабын тілшіміз Жанар Жолтаева біліп көрген еді.

508

27.06.16

Жамбылда сот орындаушылары елге ескертпей, алты мың гектар жерге тыйым салған

Жамбылда сот орындаушыларының елге ескертпей, алты мың гектар жерге тыйым салуы тұрғындардың наразылығын тудырды. Алып алқаптан айрылғысы жоқ ауылдықтар аудан әкімдігінен араша сұрап айғайға басты. Жаппай жер дауына жалғасқан жағдай Меркі ауданындағы ірі серіктестіктің қожайыны мен туған құдасының арасындағы келіспеушіліктен басталған.

1053

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян

Келіндер бәйгесі